Skip to content
Home
Home
Who we are
What we do
Get the book

Бағыну немесе келісу

Дэн Санчес

Людвиг вон Мизес екі түрлі қоғам жайлы Әлеуметтік ынтымақтастықтың екі түрі бар, - деп жазады Людвиг вон Мизес, - бірі келісімшартқа негізделген (ерікті келісім және өзара келісім), екіншісі гегемонияға негізделген (бұйрық пен бағыну). Жеке тұлғаларды «келісімшарттық байланыстар» немесе «гегемондық байланыстар» арқылы біріктіруге болады.

Бұл айырмашылықты көптеген әлеуметтік теоретиктер мойындады. "Адамның іс-әрекеті" кітабында Мизес былай деп жазады:

"[Адам] Фергюсон оны соғысушы және саудагер ұлттар арасындағы контраст ретінде сипаттады; [Анри де] Сент-Симон қатыгез халық пен бейбіт; өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы қарама-қайшылық ретінде; Герберт Спенсер жеке бостандық қоғамы мен жауынгерлік құрылым қоғамдары арасындағы қарама-қайшылық ретінде; [Вернер] Сомбарт батырлар мен саудагерлер арасындағы қарама-қайшылық ретінде қарастырады".

Марксистер де, нацистер де Мизес әзірлегендей, ұқсас екілік жүйені құрады. Ойшылдар әлеуметтік нұсқаларды әртүрлі бағалады, бірақ олар дихотомияға келісе отырып, Мизестің  "үшінші принцип жайлы ойлануға, тіпті жүзеге асыруға болмайды" деген пікірін оң санады.

Мизес тұжырымдағандай, ынтымақтастықтың екі қарама-қарсы қағидасы адамдардың қоғамда бір-бірімен өзара әрекеттесуінің екі түрлі әдісін көрсетеді.

Ынтымақтастық келісім-шартқа негізделетін ортада адамдар арасындағы логикалық қарым-қатынас симметриялы болады. Олардың барлығы тұлғааралық айырбас келісім-шарттарының тараптары болып табылады. Мысалы, Том Джонға қандай қарым-қатынаста болса, Джон Томмен дәл сондай қарым-қатынаста болады.

Егер мысалдағы Джон «Whole Foods Market» компаниясының негізін қалаушысы, әрі бас директор қызметіндегі миллионер Джон Макки болсын, ал Том «Whole Foods» компаниясының кассирі болатын болса, бай жұмыс беруші мен ауқатты емес қызметкер арасындағы қарым-қатынас симметриялы болады.

Джон өз еркімен Томның еңбек қызметтерінің орнына ақшалай жалақы ұсынады, ал Том өз еркімен ақшалай жалақының орнына еңбек қызметін ұсынады. Екеуі де өзара келісімге келді және екеуі де одан бас тарта алады. Джон кез-келген уақытта Томды жұмыстан шығара алады, ал Том қалаған уақытында жұмыстан шыға алады. Джонның барлық байлығы мен атағына қарамастан, ол Томды кассада жұмыс істеуге мәжбүрлей алмайды.

Мизес бойынша жалғастырсақ:

"Ынтымақтастық басқару мен бағынуға негізделген ортада міндетті түрде бұйрық беруші және бұйрықты орындаушылар болады. Адамдардың осы екі класы арасындағы логикалық қарым-қатынас асимметриялы болып келеді. Басшы бар жерде оған бағынатын адамдар болады. Тек басшы ғана таңдау жасап, бағыт көрсете алады; қол астындағылары - оның іс-әрекетіндегі сарбаздары болмақ".

Мысалы, Джон феодал болсын делік, ал Том оның басыбайлы шаруасы болса, демек олардың арасындағы қарым-қатынас асимметриялық болар еді. Джон Томды өзінің жекеменшік жерлерін егінщілікке өңдеуге мәжбүрлей алады, сонымен қатар салықтар мен алымдар арқылы Томның меншігіндегі өнімінің бір бөлігін тәркілей алады. Ал Томның жалғыз таңдауы - бұл талаптарды орындау немесе иесін ашу-ызамен өлтіру. Мизес жазғандай:

"Мойынсұну немесе бағынбау таңдауымен бетпе-бет келген орындаушы бірінші нұсқаны дұрыс санап, осылайша гегемониялық байланысқа енеді (...). "

Гегемониялық әлеуметтік органның ішінде бағыныштылардың мінез-құлқын басқара отырып, тек көшбасшы ғана әрекет ете алады. Тәлімгерлер тек бағынуды таңдау арқылы өз әрекеттерін жасады; бір рет бағыныштылықты таңдағаннан кейін олар енді өздері үшін әрекет етпейді...

Американдық құрылтайшылар мен басқа классикалық либералдар "теңдікті" қорғаған кезде, олар тең иелік етуді талап етпеді. Олар абсолютизмді, феодализмді және құлдықты жоюға тырысты. Олар келісімшарттық байланыстарға тән адами қатынастардың симметриясын қолдады және гегемониялық байланыстарға тән адами қатынастардың асимметриясына қарсы болды.

Мұндай асимметрия адамның әділеттілік сезімдеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Гегемониялық қоғам көбіне ақымақтық рөлді суреттейді. Егер көшбасшы ғана әрекет етсе, демек көшбасшы ғана ойлана алады деген сөз. Адам баласын мал сияқты жетектеп, сол үшін шешім қабылдайтын болса, оның ақыл-ойы, санасы босқа кетеді. Әрбір жеке тұлғаның шығармашылығы, пайымдауы, қайталанбас дарыны мен жергілікті білімдері өмірдің сан алуан мүмкіндіктері мен қиындықтарына төтеп беру үшін пайдаланылмайтыны өкінішті.

Джулиан Саймонның "жоғары ресурс" деп көрсеткен ең құнды дүниесі – адамның ақыл-ойы. Бұл жоғары ресурсты тек келісімшарт қоғамдастығы ғана жаппай қолдана алады. Ерікті ынтымақтастық көптеген адамдардың шығармашылық үлестерін үйлестіре алады.

Мизес айтқандай: озық өркениет «келісімшарттық үйлестіру үлгісі бойынша ынтымақтасқандардың» жетістігі болып табылады. Қоғамның соғысқұмар және қайыршы варварлықтан бейбіт және гүлденген өркениетке дейінгі тарихи ілгерілеуі бұйрықтардың келісімшарттарға жол беруінің тарихы болды, мәжбүрлі гегемония ерікті үйлесімділікке жол берді.

Бұл мақала Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша Дэн Санчес мен Экономикалық білім беру қорының рұқсатымен жазылған. Түпнұсқасын мына жерден табуға болады.

Мақаламен бөлісу