КСРО-ның ыдырауы қоршаған орта үшін болған ең жақсы оқиғалардың бірі
Егер сіз Кеңес Одағының экономикалық тарихын оқитын болсаңыз, егін шаруашылығы бойынша «жекеменшік» секторына өте аз көлемде рұқсат етілгенін байқай аласыз. Егістік алқабының 3%-ын құрайтын шағын жеке жер телімдерінде картоп, көкөніс, ет, сүт, жұмыртқа өнімдерінің 39-66% өндірілді. Жер мен өнімнің қалған бөлігі мемлекеттік немесе ұжымдық шаруашылықтарда өндірілді. Бұл мемлекеттік сектормен салыстырғанда жекеменшік сектордың ешқандай да маңызы жоқ екендігін мәлімдеу үшін қолданылды. Шын мәнінде, КСРО-ның жеке шаруа қожалықтары тиімділігі жағынан басқа елдерге қарағанда төмен дәрежеде болды.
КСРО ыдыраған кезде ауылшаруашылық өндірісі де құлдырады. Алайда, батыс аймақтан келетін азық-түлік импорты күрт өсті. Ғалымдардың бірі: "Шет елдік азық-түлік шикізат күйінде болсын, өңделген түрінде болсын Ресей нарығын басып алды",- деген пікір білдірген болатын. Шексіз гектар егістік алқаптары қараусыз қалып, ормандар мен өсімдіктер өздігінен қайта қалпына келтіріле бастады. Қоршаған ортаға тікелей оң әсерін берген жағдай болды.
Ормандар мен шөптесін өсімдіктердің өсуі көміртектің химиялық байланысуына ықпал ететіні анық. Орман өсіру арқылы көміртекті секвестрлеу - өсіп келе жатқан ағаштардың атмосферадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оны фотосинтез арқылы биомассаға айналдыратын және парниктік газдардың әсерін жеңілдететін және климаттың өзгеруін азайтуға ықпал ететін ұлпаларында сақталынатын процесс. Бұрынғы КСРО кезінде жерді қараусыз қалдырып кетудің маңызы ауқымды болды. Кейбір ғалымдар, бұл континенттік және жаһандық көміртегі айналымын сақтау үшін жеткілікті деп санайды. Іс-жүзінде, бұл үдеріс жаһандық парниктік газдар шығарындыларының өсуінің салдарын жеңілдететін, «көміртек сіңіргішке» бағытталды.
Аталған «көміртек сіңіргіші» қандай көлемге ие? Зерттеулерге сүйенсек, 1990-2017 жылдар аралығында Ресейде, Беларуссияда және Украинада көміртекті сіңіру 1 гигатонна көміртекті құраған екен. Ресей мен Қазақстанға бағытталған тағы бір зерттеу жұмысында ұқсас процесстер анықталып, олардың маңыздылығы туралы түсінік берілді. «Ресей мен Қазақстандағы қазба отынының қазіргі шығарындыларының жыл сайын шамамен 36 және 49 пайызын өтеуге қарқынды»,- екендігі айтылды.
Бұл пропорциялар КСРО-ның ыдырауы климаттың өзгеруін жеңілдету бойынша керемет арзан «саясат» болғанын көрсетеді. Шынында да, жеңілдету процесі шығындарға қарағанда экономикалық өсу жағынан пайдалы болды (яғни, жеңілдету саясаты қазіргі таңда үлкен шығындарды талап етер еді). Кеңес елдеріндегі кірістер статистикасы, ыдырағаннан кейінгі құлдырау соншалықты айқын емес және қалпына келтіру орын алуы үшін коммунистік елдерге тән жағдайларды асыра бағалауға бейім болды.
Міне, сіз үшін қосымша оптимизмнің бір тамшысы: бұл қайтадан болуы мүмкін!
Қайта ыдырайтын Кеңес Одағы жоқ. Дегенмен, жерді тым көп пайдалануды ынталандыратын жүздеген ауыл шаруашылығын қолдау саясаты бар. Ауыл шаруашылығы қызметінің әртүрлі түрлерін өндірушілерді қолдау туралы ЭЫДҰ деректерін қарастырыңыз. Мемлекеттік қолдау деңгейі жоғары және одан әрі өсу үстінде.
Бұл қолдау шараларының күшін жою ауылшаруашылық фирмалары өз әдістерін өзгертіп, жерді аз пайдалануы керек дегенді білдіреді. Бұл салық төлеушілерді қолдау шараларына жұмсалатын шығындардан босату арқылы, КСРО ыдырағаннан кейінгі болған жағдайды қайталауға мүмкіндік берер еді.
Десе де, ЭЫДҰ-ның дәл осындай деректері еуропалық мемлекеттер басқа секторларға қарағанда мал шаруашылығын ынталандыруға бейім екенін көрсетеді. Нәтижесінде, егіншіліктің бұл түрі басқаларына қарағанда көбірек өнім береді – бұл жаһандық парниктік газ шығарындыларының үлкен үлесін құрайды (әсіресе олар беретін калориямен салыстырғанда). Субсидияларды алып тастау арқылы салық төлеушілерді тиімсіз өндірушілерден аластата отырып, жоғарыда аталған ластаушы әрекетті болдырмайды.
Мұның бәрінен алар сабақ бар. Климаттың өзгеруінің алдын алу мақсатында жүргізілген кез-келген стратегияда Үкіметтің толыққанды араласуы қажет болмауы мүмкін. Үкіметтен тек шегінуді талап ететін, кейбір стратегиялар, өте жеңіл жолмен болып жатады.
Бұл мақала Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша Винсент Гелозо мен Американдық Экономикалық Зерттеулер Институтының рұқсатымен жазылды. Түпнұсқаны мына жерден табуға болады.