Құны 99 центтік ананастың әлемдік саудадағы ғажайыбы
Жылына бірнеше рет менің жергілікті азық-түлік дүкенімде 99 цент тұратын балғын ананас туралы жарнамалар пайда болады. Сіздерде де дәл солай шығар. Мен мұны көрген сайын адамзаттың алға жылжу деңгейіне таң қалмай тұра алмаймын.
Ананас жемісін алғаш рет Майя және Ацтек халқы мыңдаған жылдар бұрын Оңтүстік және Орталық Америкада өсіре бастаған. Тайнос халқы біздің заманымыздың 250 жылдары Кариб теңізіне қоныс аударған кезде, өздерімен бірге ананас жемісін әкелген екен. Еуропалықтар мен Солтүстік Америка жұртшылығы бұл алтын тәттінің дәмін сол уақытта тата алмады. Оған себеп: отаршылдық саясат және Колумбия елінің мәдениеті мен тағамдарында үлкен өзгерістердің орын алуы.
Дәл осы қысқа уақыт ішінде жаңа әлем өнімдері Еуропа елдеріне жеткізіле бастады. Еуропа халқы көптен күткен жемістерін үлкен ынтызарлықпен қабылдады: ирландиялықтар алғашқы картоптарын алса, итальяндықтар алғашқы қызанақтарын ала бастады.
Ананас жемісі алғаш рет Еуропа мен Солтүстік Америкаға әкелінген кезде, бағасы сәйкесінше өте қымбат болды. Кариб теңізінен тоңазытқышсыз жеткізілгендіктен, тез бұзылып, жарамсыз болып қалатын. Сол кездегі бір ананас құнын қазіргі валютамен есептейтін болсақ, 8000 долларды құрайды. Әрине, біз үшін тым жоғары баға көрсеткіші.
Ананас бағасы өте қымбат, әрі өте сирек кездесетін жеміс болғандықтан адамдар оны сағаттап жалға алуды әдетке айналдырған.
Бұл алтын түстес жемісті тіпті беделді адамдарға сыйлық ретінде ұсынған. Адамдар ананастың экзотикалық ерекшеліктеріне тамсана қарау үшін ерекше сәнді кешкі астар ұйымдастыратын. Басқа да арнайы іс-шаралардың негізгі бөлігі ретінде пайдаланылды. Сол кездегі адамдардың тұрмыс-салтында өз беделін көрсету мақсатында жемістерді өздерімен бірге алып жүретін де болған. Ананасты жеу үлкен арман дермісің?! Жеміс өзегі толығымен піскен кезде ғана, кезекті жалға алған адам дәмін тату құрметіне ие болған.
Көп ұзамай ыдыс-аяқтарда, маталарда, жиһаздарда және архитектурада ананас жемісінің мотивтері пайда болды. Байлық пен сән-салтанаттың ашық нышанына айналды. Қонақ күтуші үйдің дастарханында алтын түстес ананас жемісі тұрса, демек үй иесінің жомарттығын білдерген.
Оның ерекше формасы қонақтарға арналған заттарда (төсек бағаналары, қол сүлгілері, шам ұстағыштар, есік тұтқаларында) жиі пайда болып, қонақжайлықты білдіретін.
Шикілей піскен жемісті ұнататын адамдар экваторлық плантацияға жақын жерде сақтауға төзімді келетінананас өнімдерін жей алатын. Кристалдандырылған немесе кептірілген ананас, ананастан жасалған ликер орта деңгейдегі аспаздық кітаптарда пайда бола бастады.
Қоңыржай Еуропада ананас өсіру ауыл шаруашылығына қарағанда, нағыз элиталық хоббиға айналды. Бір маусымда бірнеше ананас өсірудің алғашқы әрекеттері үлкен күш пен шығынды талап етті. 1723 жылы Челси Гарденде пешпен жылытылатын үлкен жылыжайлар қажет болды. Версаль сарайының бағбандары оны он жылдан кейін бірақ өсіре алды. Келесі 70 жыл ішінде әртүрлі ағылшын ақсүйектері өздерінің ауылдық жерлерінде шыныдан қоршалған жылыжай "қарағай ормандарын" сала бастады, алайда олардың көпшілігі жеміс өсіруде табысқа жете алмады.
18 ғасырдың басында ананас өндірісі сол кезде Ұлыбритания отаршылдық еткен Ямайка плантацияларына көшті, онда құлдықтағы африкалықтар өте қатал жағдайда жеміс өсіріп, егіндерін жинаумен айналысты.
Зауыт деңгейіндегі өндіріс сонымен қатар Гавайиде қарқынды дамыды. Жеткілікті шикізат, арзан жер мен жұмыс күші үшін төмен шотқа ие болды. Жергілікті Гавайиялықтардың бағасын қалыптастырып берді. Еуропа мен Азиядан экспортқа жеміс егіп, жинауға ниет білдірген иммигранттар келді.
Ананас басқа жемістер сияқты тез пісіп-жетілмейді және жиналғаннан кейін тәттілікке ие болмайды, ал оны шикілей кезінде жинау (алыс сапарға шығуы үшін) дәмнің нашарлауына әкеледі. Әлдеқайда тез жеткізу жолы дайын жемістердің біраз бөлігін сатуға болатын жағдайды қарастыратын негізгі нарықтарға шығаруға мүмкіндік берді, бұл кейбір аймақтарға, соның ішінде Гавайиге бәсекелестік артықшылығын берді.
19 ғасырдың соңғы ширегінде ананас өсетін жерлерде консервілеудің озық технологиясы қалай да орналасуы керек болды. Оған бірнеше фирмалар әрекет жасады. Ақырында, жемістер зақымдану мен бұзылудың жоғары қарқынынсыз жаңа піскен күйінде жеткізілетін дәрежеге жетті.
Бірақ АҚШ-тың Гавайи тауарларына тым жоғары тариф - консерві зауыттарының пайда табуына кедергі келтірді. Сөйтіп, пионер фирмалар бірінен соң бірі кері қайта бастады.
1898 жыл АҚШ Гавайиді аннексиялап өзіне қосып алған кез болатын. Аталған жылы Джеймс Доул есімді 22 жастағы кәсіпкер тың идеясымен осында келді.
Осы сәтті уақытты пайдаланған ол, табысты ананас өндірушісіне айналды. Д.Доулды "Ананас патшасы" еткен нәрсе - тазарту және қайта өңдеу процесін механикаландыру болды (техника машиналары минутына 100 ананас өңдей алады). Сонымен қатар, АҚШ-пен бұрынғыға қарағанда қолайлы сауда қатынастары орнады.
Қысқа уақыт ішінде Гавайи нарықта үстемдік еткені сонша, (атап айтқанда, ананас маркетингі) біз қазір заттарды «Гавайи» деп атаймыз, «ананас қамтылады» деген сөзді білдіреді. Өзінің даму шыңында Гавайи дүние жүзі бойынша ананастың 80 пайызын қамтамасыз етті; қазір бұл көрсеткіш 10 пайызға да жетпейді. Dole Food компаниясы әлемдегі ананас өсірушілердің бірі болып қала береді, бірақ бастапқы плантация ананас тақырыбына арналған туристік тартымдылыққа айналды. Дәл осы жер - туризм саласы бойынша екінші орынды қамтиды, ал, туристтердің ең көп баратын жері - Перл-Харбордағы Екінші дүниежүзілік соғыс ескерткіші.
Соңғы 20 жылда ананас өндірісі керемет климат пен ақылға қонымды шығындардың қажеттіліктерін ұсынатын жерлерге ауысты: Коста-Рика, Индонезия, Таиланд және Филиппин. Плантациялардағы жалақы төмен болып көрінгенімен, ананас өсіру және өңдеу жұмысымен айналысатындар үшін ең жақсы нұсқа болып табылады (әлбетте, бұл отаршылдық пен құлдық кезеңдеріндегі жағдаймен салыстыруға мүлде келмейді...).
Ананас саудасы қазіргі уақытта өнеркәсіптік тұрғыдан өте жақсы дамыған. Жемістерді өндіріп шығару барысында қосылатын химиялық қоспаларды (банандарға да дәл солай қосылады) – дайын егін алқабын жинауға бір апта қалған кезде дақылдарға қосылады. Кемелердегі, ұшақтардағы және жүк көліктеріндегі тоңазытқыш контейнерлері ананастарды бүкіл әлем бойынша піскен қалпында жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жеткізу әдісі көгеру немесе шірік салдарынан едәуір құтқарады. Азық-түлік дүкендері консервіленген, кептірілген жаңа піскен ананастардың сорттарымен тіпті өзегінен тазаланған дайын ананастарды сатады. Егер сіз бүгін ананастың дәмін татқыңыз келсе, әлемнің кез келген жерінде оны бір доллардан да арзан сатып алуға болады.
Бір кездері ананас жемісі жоғары сән-салтанатқа ие болды, ол (өндірістік процестерді жетілдіру, мамандандыру және ананас өсіруде шамалы артықшылықтары бар аймақтарға көшу арқылы) барлығына дерлік қол жетімді болды. Өткен ғасырлардағы ең танымал сән-салтанатты кештер қарапайым және қолжетімді болған кезде, бізде әрқашан алғыс айтатын мамандандыру мен нарықтық жаңалықтар бар.
Бұл мақала Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша Лаура Уильямс пен Американдық Экономикалық зерттеулер институтының рұқсатымен жазылды. Түпнұсқаны мына жерден табуға болады.