Байлыққа əкелетін сауданың екі жолы
Біздің жиі сауда жасайтынымыз қалыпты жағдайға айналғаны соншалық, бұл ісіміздің астарын ұғынып, мәнін ойлай бермейді екенбіз. Егер сіз дәл осы қатарды оқып отырсаңыз, демек сіз өзіңіз қалаған кез-келген нәрсені сатып алуға болатын, әрі бірнеше күн ішінде есігіңізге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін қалталы суперкомпьютерді қолданбайтын Әлем сіз үшін жат көрінетін шығар.
Сауда арқылы байлық жолы ашылады. «Саудада береке бар», - деп бекер айтылмаса керек. Байлық – адамдар үшін бағаланатын өлшемге ие. Мәселен, бір адамның қажетке жарамсыз дүниесі, екінші бір адам үшін ең керекті зат қатарында болуы әбден мүмкін. «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық бопты» деген мақалға саяды.
Осылайша, сауда арқылы қажетке жарамсыз дүниені, пайдасын көре алатын адам қолына беру арқылы молшылық көзін табуға болады.
Былай ойлап көрейік. Сіз секонд-хэнд дүкендерінде керемет жеңілдікпен құнды дүние сатып ала алдыңыз ба? Әйелім екеуміз 2017 жылдың күзгі семестрінде макроэкономика емтиханын тапсырар алдында кешке дүкенге бардық. 1995 жылы шыққан «Birmingham barracudas» винтажды футболкасына көзім түсті. Бірақ, сіз барракудалардың кім екенін білмесеңіз, онда сіз жалғыз емессіз. Бұл Бирмингемнің 1990-шы жылдардағы шекара оңтүстігіндегі Канада футбол лигасының сәтсіз турниріне шығуы болды. Бір маусымға созылған турнир болды. Мен сол бір футболка үшін 2 доллар төледім деп ойлаймын. Тіпті, қуана-қуана 5 доллар төлер едім. Біз жаңа киім алған жоқпыз, бірақ мен Barracudas жейдесін сатып алғанда, қоғамның әл-ауқаты судың бір тамшысындай болсын арта түсті. Ескере кететін маңызды жайт, бұл үшін біреуге ақша төленді.
Сэконд-хэнд немесе комиссиондық дүкендер коммерциялық емес ұйым болғандықтан, басқа дүкендерге қарағанда аздап ерекшеленеді. Бірақ комиссиондық дүкенде қалаған затыңызды ұтымды бағада иелену құндылығы басымырақ. Дүкен менеджерлері мен жұмыс берушілердің табысы олардың байлық құруға қосқан үлесінің нәтижесі болып табылады. Заттарды өз қажетіне аз қолданатындардан гөрі, оларды көбірек қолданатын адамдарға ұсыну - саудада байлық құрудың маңызды тәсілі болып табылады.
Мына жерде, сауда-саттықтың байлықты құруда басқа тәсілін бейнелейтін қарапайым мысал келтірілген және алып Джейсон Момоаның неліктен оққағарлары бар екенін түсіндіреді. Хан және Ландо деген екі адам бар. Олар екі өнімді өсіріп шығара алады: алма және апельсин. Бір жыл ішінде Хан 100000 алма немесе 50000 апельсин өсіріп шығарса, Ландо 200 000 алма немесе 400 000 апельсин өсіріп шығаруы мүмкін. Мұндағы маңызды сөз “немесе”. Бұл “және” емес. Егер Хан көбірек алма өндіруді шешсе, оған аз апельсин өндіруге тура келеді немесе керісінше. Ландо үшін де солай.
Ландо ерекше дарынды фермерге ұқсайды. Ол Ханға қарағанда көбірек алма өсіріп шығара алады, тіпті көбірек апельсин шығаруы да мүмкін. Ландо алма жемісіндегі экономистер айтатын “абсолютті артықшылық” қасиетіне ие (ол жылына көбірек өнім бере алады) және апельсин де абсолютті артықшылыққа ие (ол жылына көбірек өнім бере алады).
Көптеген қоғамдық комментаторлардың сөздері осы жерде талас-тартыстан алшақтайды. Комментаторлардың пікірінше Ландо Ханмен сауда жасаудан ештеңе ұтпайды, өйткені оның алмада да, апельсинде де абсолютті артықшылығы бар. Егер жоғары өнімді Ландо қоғамы және басқа төмен өнімді Хан қоғамы болса, көптеген комментаторлар Хан Ландосқа қауіп төндіреді деп болжауы мүмкін еді.
Бірақ бұл олай емес. Қазір сіз бақылайтын нәрсе, сіздің ойыңызды түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Ландоға алма мен апельсин өндіру қанша тұратынын, ал Ханға алма мен апельсин өндіру қанша тұратынын есептеп көрейік.
Мұнда біз нақты түсінікке ие боламыз. Егер сіз бір нәрсенің орнына басқа нәрсені жасауды шешсеңіз, демек пайдаланылмаған мүмкіндік құнын есептеуге болады. Біздің мысалда алманың балама құны - апельсин, ал апельсиннің балама құны – алмаға тең. Бізде Хан мен Ландоның өндірістік мүмкіндіктерінің сандары бар болғандықтан, біз бұл мәселеде нақты бола аламыз.
Жоғалған мүмкіндіктің құны – бұл басқа бір нәрсені алу үшін бас тартуға болатын нәрсе. Хан апельсинін өсірудің балама құнын табу үшін, ол бас тартатын алмалардың санын ол алатын апельсиндердің санына бөліңіз. Ол 50 000 апельсин алу үшін 100 000 алма береді, сондықтан әр апельсин Ханға екі алма тұрады. Хан алмасын өсірудің мүмкін құны дәл осылай есептеледі. 100 000 алма алу үшін ол бас тартатын 50 000 апельсинді бөліңіз. Бұл Хан алма өндірісінің мүмкін құны апельсиннің жартысы екенін көрсетеді.
Біз Ландо үшін де дәл осындай есептеуді келтіре аламыз. Ол 200 000 алма алу үшін 400 000 апельсиннен бас тартады, сондықтан әр алма оған екі апельсинге тең. Ол 400 000 апельсин алу үшін 200 000 алмадан айырылады, сондықтан әрбір апельсин оған жарты алмаға тең.
Енді бізге екеуінің де мүмкіндік құны мәлім, сондықтан салыстыра аламыз. Хан үшін апельсин өсірудің мүмкін құны - екі алмаға тең. Ал, Ландо үшін апельсин өсіру құны алманың жартысына тең. Ландоның апельсин өсірудің мүмкіндігі - жарты алма. Ландо ең аз шығынға ие, яғни ол апельсин өсіруде салыстырмалы артықшылыққа ие. Керісінше, Ханның алма өсірудегі мүмкіндік құны апельсиннің жартысы, ал Ландоның алма өсірудегі мүмкіндік құны екі алмаға тең. Бұл жағдайда Хан алма өсірудің ең төмен құнына ие, сондықтан алма жемісі де салыстырмалы артықшылыққа ие.
Сауда-саттық шарттарына келісе отырып, Хан мен Ландо бірлесе жүмыс істейтін болса, алма мен апельсинді көбірек өсіріп шығара алады, тіпті сауда жасамағанның өзінде, аз жұмыс күшін жұмсап, алма мен апельсиннің белгілі бір мөлшерін ала алады.
Пайдаланылмаған мүмкіндік құнын білгенде, олардың әрқайсысының сауда жасауға дайын бағаларын анықтай аламыз. Ханды алма сатушы (апельсин үшін) және Ландоны алма сатып алушы (апельсинмен) деп қарастырайық.
Енді Ландо алма алғысы келеді делік. Оның шешімі туралы ойлап көрейік. Ол алманы өзі өсіре алар еді. Бұл жағдайда ол өсірген әр алма үшін оған екі апельсин құны түседі.
Оның балама жолы - уақытын, күшін және назарын апельсин өсіруге аудару, содан кейін өзі өсірген апельсиннің біразын Хан өсірген алмаларға айырбастау. Егер ол Ханнан бір апельсинге екі апельсиннің төмен бағасымен келісе алатын болса, онда Ландо өзі шығарған алмаға қарағанда арзанырақ алма ала алады.
Бірақ бұл біраз уақытты талап етеді. Ақыр соңында, Хан алданып қалғысы келмейді, солай ма? Бірақ мына бір нәрсе: Ландо оған дұрыс баға ұсынса, Хан алданып қалмайды.
“Ал, бұл дұрыс баға ма”, - деп сұрағыңыз келетін шығар?! Ханның әр алмасының құны жарты апельсинге тең. Ханның әр алмасының балама құны - апельсиннің жартысына тең. Егер Ландо оған алма үшін апельсиннің жартысынан көп құнын ұсынса, Хан үшін саудада алға жылжу болады. Ландо оған алма үшін бір апельсин ұсынды делік. Хан жарты апельсиннің бағасына алма шығарады, содан кейін ол алманы бір апельсинге айырбастайды.
Бірақ неге Ландо осындай ұсынысты жасауға дайын? Өз алмасын өсіріп шығару оған қанша тұратынын еске түсіріңіз. Әрбір алма оған екі апельсиннің құнына түседі.
Алма өсіруші Хан осы салада өзінің мықтылығын көрсету үшін, алма мен апельсинді барынша көбейтуге тырысты, себебі Ландомен сауда жасау үшін де маңызды нәрсе. Алма сатып алушы Ландо өзінің беделін көрсету үшін көбірек алма мен апельсинге қарық болды, өйткені ол да Ханмен сауда жасайды.
Олар қандай бағаға келіседі? 0,5 пен 2 аралығындағы алманың кез келген «апельсин бағасы» екеуіне де тиімді болады. Көп сатып алушылар мен сатушылар бар нарықта қандай баға болатынын бәсекелестік анықтайды.
Бұл төрт маңызды тармақты көрсетеді:
1. Сатушылар сатып алушылармен серіктес болу артықшылығы үшін басқа сатушылармен бәсекелеседі: Хан Ландо бизнесі үшін басқа да көптеген сатушылармен бәсекелеседі. Ландоның толыққанды “жоқ” деп айтуға құқығы бар, яғни Хан Ландо оның алмаларын сатып алғысы келсе асығуы керек.
2. Сатып алушылар сатушылармен серіктес болу артықшылығы үшін басқа сатып алушылармен бәсекелеседі. Ландо Ханның тауарлары үшін барлық басқа сатып алушылармен бәсекелеседі. Еркін нарықта Ханның Ландо сияқты "жоқ" деп айтуға құқығы бар. Яғни, Ландо да Ханның алмасын алғысы келсе, асығуы керек.
3. Сіз өзіңіздің атыңыздан бейтаныс адамдарды тартып, олардың атынан жұмыс жасайсыз. Басқаша айтқанда, сіз оларды өз мүддеңізбен айналысуға көндіресіз.
4. Бизнестің бір сабағы: адамдар ресурстарды пайдаланудың төменгі деңгейінен жоғарыға ауыстыру арқылы құндылық жасайды. Бұл жағдайда Хан алма өндіруге көбірек уақыт бөлу арқылы құндылық жасайды, ал Ландо апельсин өндірісіне көбірек уақыт бөлу арқылы құндылық жасайды.
Ақыр соңында, алма нарығы тепе-теңдікке жетеді және ол жаңашылдық пайда болғанға дейін сақталады.
Бұл мақала Art Carden және Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша Америка Экономикалық зерттеулер институтының рұқсатымен жазылған. Түпнұсқасын мына жерден табуға болады.